jasqazaq.kz

Жалған жүргізуші куəліктерін “сатқан” интернет-алаяқ ұсталды (видео)

17 қазан 2020, 19:17

Нұр-Сұлтанда полицейлер интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасау қызметі туралы хабарландырулар жариялаған алаяқты ұстады. Бұл жайында Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Ол көшеде ұсталды. Тəртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды анықтады.

Сенімділік үшін 40 жастағы ер адам азаматтарға жеке куәлігін көрсеткен, алайда тексеріс барысында құжаттың бұрын алаяқтың құрығына түскен бөтен адамға тиесілі екендігі анықталған.

Өзінің қызметтері үшін ол ақшаны электрондық әмиянға аударуды сұраған. Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпаған. Аталмыш схема бойынша алаяқ жыл басынан бері алты азаматты алдап үлгерген. Бірақ жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Ақпараттық жүйені қолданушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Егер сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз: 102, 71-63-35, 71-66-10, 8-747-620-57-93.

https://youtu.be/yhrxTJ9vbdE

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде