jasqazaq.kz

Жалған вакцинация төлқұжатын қандай медициналық мекемелер жасағанын айтты

17 шiлде 2021, 10:40

Алматы полициясы жалған вакцинация төлқұжатын қандай медициналық мекемелер жасағанын айтты. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды.

Бұл туралы тәртіп сақшылары “ZOOM” бейнеплатформасы арқылы өткен медициналық мекемелердің арнайы жиналысы кезінде хабарлады.

– Тұрақты негізде интернет-ресурстарға және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілуде, медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдануда. Еске салайық, жақында азаматтарды Сауд Аравия Корольдігіне жіберу үшін 140-тан астам жалған вакцинация төлқұжатын жасаумен айналысқан туристік компания анықталды.

Сонымен қатар, тергеу сатысында №21, №4, №16 және №13 қалалық емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істер қаралуда. Олар кірген азаматтарға вакцинацияны салмай-ақ, дозаның бірінші компонентін қабылдау туралы жалған деректерді базаға енгізген немесе вакцинация бөлмесінде бейнебақылау камерасы болса, олар екпені алғандай етіп көрсетіп екпе салынған орынды пластырмен жабыстырған. Бұл қызметтердің барлығы ақшалай сыйақы үшін ұсынылғандығы анық, – деді өз сөзінде Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. Сонымен қатар, спикер жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде екендігін, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамауға алу түрінде қарастырылғанын еске түсірді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған азаматтардың әрекеттерінде “қызметтік жалғандық” белгілері бар, яғни, жалған ақпаратты ресми құжаттарға енгізу. –

Құрметті медицина қызметкерлері, өзіңізді қылмыстық іске тартуға жол бермеңіз және отбасыңыз бен достарыңызды осыдан қорғаңыз, – деп қорытындылады Алмасбеков.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия