jasqazaq.kz

Жалған вакцинация паспортын жасағандарға қандай жаза қолданылады?

30 қараша 2021, 17:30

Елімізде осы жылдың басынан бері коронавирус инфекциясына қарсы жалған вакцинация паспортын жасаудың 207 фактісі тіркелді. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалған вакцина паспорттары мен ПТР-анықтамасын дайындау және сатумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігінің жауапты құрылымдық бөліністері тиісті жұмыстарды үнемі жүргізіп келеді. Жалған құжаттарды сату бойынша берілген хабарландыруларды анықтау үшін интернет желісіне, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге мониторинг жүргізіледі», — деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері ішкі істер органдарында барлығы 321 іс тіркелді. Оның ішінде ПТР-тесті қолдан жасау бойынша – 114 факт, вакцина паспорттарын қолдан жасау бойынша 207 факт бар.

«Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша жалған құжат жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған», -делінген таратылған ақпаратта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде