jasqazaq.kz

Жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтамасын қолдан жасаған 20 медицина қызметкері ұсталды

09 тамыз 2021, 14:33

Елімізде 20 медицина қызметкері вакцинация паспорты және ПТР-анықтамасын қолдан жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер медициналық құжаттарды ұсынудың барлық схемалары анықталғанын айтты. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын дайындаумен және сатумен айналысқан. Қолдан жасалған құжаттарды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде де сатқан.

«28 адамның ПТР-анықтама мен вакцина паспортын қолдан жасағаны анықталды. Оның ішінде 20 – медицина қызметкері, 8 – делдал. Сонымен қатар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтама сатылатыны туралы 70 хабарлама анықталды, оның 37-сі бұғатталды», -деді Нұрділдә Ораз брифингте.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптасқанын атап өтті. Заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

«43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істі тергеу бақылуға алынған», — деді Н.Ораз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия