jasqazaq.kz

Жалған рұқсат қағазды 5 мың теңгеге сатқысы келді

16 сәуiр 2020, 15:11

#үйдеотыр

Қарағандыда карантин кезінде жүріп-тұруға рұқсат беретін жалған анықтама қағазын сатқан ер адамды ұсталды.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері карантин кезінде қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат беретін жалған анықтаманы сатқан азаматты ұстады.

«Бизнестің» жаңа түрімен айналыспақ болған Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жалпы есептегенде 50 дана жалған құжат сатып үлгерген, рұқсат қағаздардың бір данасы 5 мың теңгеден сатқаны анықталды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыскерді криминалдық полиция қызметкерлері құрықтаған. Жалған құжатты сатып алып, тексеріс кезінде тәртіп сақшыларына көрсеткенде, полицейлерде қағаздың заңды түрде жасалғанына күдік пайда болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385 – бабы 1-бөлігі

«Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі