jasqazaq.kz

Жалған нөмірмен көлік басқарған полицей анықталды

18 тамыз 2020, 11:23

Оралда 15 тамызда өткен рейд кезінде жалған мемлекеттік нөмір тағылған көлік анықталды. Автокөлік рөлінде полиция қызметкері отырған.

Бұл рейдке меншікті қауіпсіздік басқармасы мен жемқорлықпен күресушілер қатысқан. Олардың мақсаты қызметтік көлікті жұмыс уақытынан тыс пайдаланғандарды, жол ережелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау болған деп жазады «Мой город».

Тәртіп сақшылары рөлде полицей отырған Kia Optima көлігін тоқтатқан. Көлікке орнатылған нөмір жалған болып шыққан. Нөмірді бірден шешіп алып, көлікті арнайы тұраққа апарған. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Төлеген Байғұлов хабарлаған. Ол «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі. Облыстық полицияның басылымға хабарлауынша, көлік Сырым Датов көшесінде тоқтатылған. Көлік тізгінінде Орал полиция басқармасында қызмет ететін полицей отырған. Оған жалған нөмірмен көлік тізгіндегені үшін әкімшілік материал толтырылған. Іс сотта қаралатын болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде