jasqazaq.kz

Жалған нөмірмен 200 рет жол ережесін бұзды

12 қараша 2019, 16:08

Алматы полициясы көшеде нөмірсіз немесе жалған нөмірлі көліктермен күресті күшейтті. Тексеру барысында  жалған нөмірмен 200 рет жол ережесін бұзған Lexus көлігі анықталды. Бұл туралы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап tengrinews.kz сайты хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалған нөмірлі көліктер бейне бақылау камераларының көмегімен анықталады. Алматы қаласы ПД жедел басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин:»Бейне бақылау жүйесі көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің сәкестігін қадағалауға бейімделген. Сәйкес келмеген жағдайда, көлік құралының жалған нөмірлермен немесе нөмірсіз жүру фактілері бойынша кезекші оператор арқылы дереу ұстауға бағыт-бағдар беріледі- деді».

Андрей Квашниннің айтуынша, Lexus жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып жол жүру ережесін бұзған. Ол бірнеше күннің ішінде 200 рет жол ережесін бұзып үлгеріпті. Квашнин жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылғанын, оның ішінде көлік жүргізу құқығынан айыру және көлікті мамандандырылған айып тұрағына қойылғанын айтты.

Андрей Квашнин, Алматы қаласы ПД жедел басқару орталығының жетекшісі:»Бұл әдейі жасалған іс әрекет, оны ақтауға келмейді. Бейне бақылау жұмыстары үздіксіз қала бойынша жүргізіледі- деді».

Спикердің айтуынша, соңғы 10 күннің ішінде жаңа технологиялар мен полиция бригадасы арқылы Алматы жолдарында 50-ден астам жалған нөмір таққан көлік, 100-ден астам нөмірсіз жүрген көліктер анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шара қабылданды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда