jasqazaq.kz

Жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

18 тамыз 2022, 11:42

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz  хабарлайды. 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оған жол бермеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, соңдай-ақ көлік қозғалысы тәртібін арттыру мақсатында 18 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығы өтуде. Осы кезеңде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артты.

13 тамызда Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қабанбай батыр көшесінде жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген Toyota автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынуға тырысқан.

«Сергек қорғау» қосымшасының көмегімен құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары көлік жүргізушісі Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны екенін, сонымен қатар ол көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргізгенін анықтады. Белгілі болғандай, республика бойынша аталған нөмірдің 175 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген, айыппұл сомасы – 2 млн теңгеден астам«, — деп жазды ақпарат көзі.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді), ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігі (30 АЕК мөлшерінде айыппұл), ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3-бөлігі (15 АЕК мөлшерінде айыппұл) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Автокөлік қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр