jasqazaq.kz

Жалған медициналық құжаттар сатқан 3 түркістандық азамат ұсталды

26 шiлде 2021, 12:34

Түркістан облысында жалған медициналық құжаттарды жасап, сатқан 3 азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрліктің Тергеу департаментіне қарасты әскери тергеу басқармасы Түркістан облысында жалған медициналық құжаттар жасаған 3 азаматты ұстады. Олардың арасында Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесі де бар. Дәрігер «COVID-19» індетінің өршіп тұрғанына қарамастан Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасынан өтушілерге жалған медициналық құжаттар жасап, ұсынған. Анықталғандай ұсталғандар қазақстандық медицина мекемелерінің атынан жалған түрде ем алуға шақырту құжатын әзірлеген және оны 3-8 мың теңге аралығындағы бағаға сатқан. Қолдан жасалған құжат медициналық мекеменің шақыруымен келемін деген желеу арқылы Қазақстанның аумағына өтуге рұқсат үшін жасалған» ,- деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тергеу барысында күдіктілерден мөр қойылған 1266 медициналық бланк табылды.

«Бүгінде ҚР ҚК-нің 385 бабына сәйкес, «жалған құжаттар жасау» деген айыппен сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы орайда ІІМ жалған құжат әзірлегені үшін азаматтар 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылатынын және оны пайдаланғаны үшін 40 күнге дейін қамауға алынатынын ескертеді», — дейді ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия