jasqazaq.kz

Жалған куәлік еткен 2 тұрғын сотталды

11 қантар 2020, 12:52

Қызылорда қаласының екі тұрғыны қылмыс жасалғаны жөнінде өтірік айтқаны үшін 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш оқиға өткен жылдың ақпан айында орын алған. Қаланың екі тұрғыны «әкімдік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздеріне күш көрсетіп, заңсыз бостандығымыздан айырды» деген желеумен Қызылорда қалалық полиция басқармасына арызданған. «Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, айыптау актісімен сотқа жолданды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімі негізінде айыпталушылардың әрқайсысына 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Олар пробациялық бақылауға алынды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде