jasqazaq.kz

Жалған құжат жасап, мемлекетке 195 млн теңге залал келтірді

28 мамыр 2020, 13:22

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тобыл қаласы тұрғынының өз кәсіпорны атынан жалған мәмілелер жасап, сол арқылы мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айыпталушы 2017 жылы өзінің фирмасын тіркеп, Тобыл қаласында кеңсе жалдаған. Клиент іздеу кезінде ол жалған есеп құжаттарын рәсімдеуді ұсынған танысына жолығады.

Тиісінше, танысы қолма-қол аударылған қаражаттан 3-5% көлемінде сыйақы ұсынған.

«Сол уақыттан бастап ол мүліктік пайда табу мақсатын іске асырады. Танысының ЖШС мекенжайына тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей, жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеп келген.

Мемлекетке 195724161 теңге сомасына залал келтірілді. Қостанай аудандық сотының үкімімен Тобыл қаласының тұрғыны ҚР ҚК 216-бабы, 3-бөлігі., 28-бабы, 5-бөлігі., 245-бабы, 3-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, ол 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдастырушылық-басқару, бухгалтерлік қызметерді атқару құқығынан айырылды.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде