jasqazaq.kz

Жалған құжат жасағандар сотталды

08 қантар 2021, 11:07


Экономикалық қылмыс жасаған азаматтар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактурамен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдардың салықтан жалтаруына көмектесу үшін ЖШС арасында 6 млрд теңгеден аса сомаға сауда-саттық болған делінген жалған шот-фактура жазған. Аталған азаматтардың алдын ала сөз байласып экономика саласындағы жасаған заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке аса ірі көлемде залал келген. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен қылмысты жасаған 3 азамат ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 29-бабы 5-бөлімі және 216-бабы 3-бөлімімен кінәлі деп танылып 2,6 жылдан 3 жылғы дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, соттың үкімімен аталған азамат 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар сот залында қамауға алынды.

https://youtu.be/UgibTZi9z-c

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия