jasqazaq.kz

Жалған хабарлама таратқан жасөспірім 5 жылға қамалуы мүмкін

19 ақпан 2020, 14:42

Қостанай облысында жасөспірім бомба қойылды деген жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 17 ақпанында Қостанай облысы Рудный қаласының ЖБО 102 пультіне хабар келіп түсті. 30 жастағы ер адамның 40 лет Октября қала көшесіндегі үйде бомба қойылғанын жеткізген. Ер адамның ұялы телефонынан бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, әйел адамның дауысы оның үйінде бомба қойылғандығын хабарлаған. Оқиға орнына барлық мүдделі қызметтер: өрт сөндіру қызметкерлері, жедел жәрдем және құқық қорғау органдарының қызметкерлері шықты. Көп пәтерлі үйден 22 тұрғын эвакуацияланды. Барлық үйді тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2004 жылы туған кәмелетке толмаған адамды анықтады. Жасөспірімнің дауысын бағдарлама арқылы өзгертіп қоңырау шалғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ арнайы қызметтердің шығуы бойынша зиянды өтеуді көздейді. Полицейлер ата-аналарға осындай фактілерді болдырмау үшін алдын алу сипатындағы балалармен әңгімелесулер өткізіп жатыр.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия