jasqazaq.kz

Жалған хабар таратқан адам ұсталды (видео)

04 қазан 2019, 10:56

WhatsApp арқылы тараған жалған хабарламаның авторы ұсталды. Жалған ақпарат таратқаны туралы кешірім сұраған әйелдің видеосы жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Мен жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргенім үшін барша алматылықтардан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам ақпарат әлеуметтік желіге тарап, бүкіл қаланы дүрліктіреді деп күтпедім. Кешіріңіздер», — дейді видео авторы.

Жалған хабарламаның авторын полицейлер бір күн ішінде құрықтаған. «Хабарламаның авторы — 1991 жылғы Р., есімді азамат. Ол шын мәнісінде хабарлама авторы екенін мойындады. Р., бұл ақпаратты құрбысы айтқан екен. Қазіргі таңда оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бабының 274-бөлігі бойынша зерттеліп жатыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — дейді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда