jasqazaq.kz

Жалған хабар таратқан адам көшенің қарын күреп жүр

26 ақпан 2020, 11:19

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғандығын хабарлап, тұрғындар мен арнайы қызметтерді әбігерге салған петропавлдық жазасын өтей бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр қазан айының соңына қарай 32 жастағы қала тұрғыны полиция қызметіне көпқабатты тұрғын үйге бомба қойылғанын хабарлаған.

Оқиға орнына арнайы қызмет мамандары жұмылдырылып, 100 тұрғын, араларында балалар да бар, қауіпсіз жерге шығарылды. Саперлер, кинологтер иісшіл итпен үйді толық тексеріп шықты, жарылғыш табылмады. Полиция жұртты дүрліктірген жалған террористі бірден анықтады. 1987 жылғы Петропавл тұрғыны ұсталған кезде мас болған. 17 қаңтар күні сот жалған террористі кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеді және 100 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарту жазасын кесті. Ақпан айында үкім заңды күшіне енді. «Террорлық акт туралы жалған хабарлама таратқандарға жауапкершілік қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында айыппұл салудан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық жауапкершіліктен арнайы сараптама психикалық ауытқушылығы бар екенін көрсеткенде ғана босатылады. Алайда, онда мәжбүрлі түрде емделетін болады», — дейді СҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Мұхамбетжанов. Ал жазаға тартылған Петропавл тұрғыны 2022 жылға дейін пробация қызметінің рұқсатынсыз қала аумағынан шыға алмайды. Кешкі сағат 19:00-ден таңғы 8:00-ге дейін үйінде болуға міндетті. Ал күндіз көше сыпырып, қар тазалайды. 2018 жылы СҚО полицейлері жарылғыш заттың қойылғандығы туралы 10 жалған хабарлама алса, былтыр осындай 3 дерек тіркелген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия