jasqazaq.kz

Жалған еуролар арқылы алаяқтық жасаған қазақстандық 5 жарым жылға сотталды

01 қыркүйек 2021, 17:40

Қазақстандық азамат жасанды ақшаны заңсыз пайдаланғаны және сатқаны үшін 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алаяқтық схемасын ұйымдастырып сол арқылы жалған еуролармен пайда тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

АФМ аумақтық департаментінің мәліметінше, жалған валютаның ірі ұйымдастырушысы Шымкентте қолға түскен.

«Азамат Б.Қорғанбаев алаяқтық схеманы ұйымдастырып — бұрын Өзбекстанда 50% құнына сатып алынған жалған еуроларды әртүрлі жолмен сата бастаған. Шымкент банктерінің бірінің қызметкерлерінің төрт мың еуроны клиенттерге сату фактісі анықталды. Тергеу әрекеттері барысында Қорғанбаевтың бұл ақшаларды сату процесіне қатысы бар екені анықталды» ,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол өзінің таныстарынан теңгемен алынған қарызын жалған еуролармен қайтарған. Жалпы алғанда, ол осылайша айналымнан толығымен алынған 10 мың жалған еуроны сатып үлгерген.

Жалған ақшаны заңсыз пайдаланғаны және сатқаны үшін қылмыскер 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, бұған дейін Қорғанбаев алаяқтық әрекеті үшін сотты болған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық