jasqazaq.kz

Жалған доллар үшін 5 жылға сотталды

20 қазан 2020, 10:38

Маңғыстау ауылының тұрғыны жалған долларды өткізгені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау ауылының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

«Тергеу барысында айыпталушының 2020 жылдың басынан табылған 1500 АҚШ долларының жалған екендігін біле отыра, оның 1000 АҚШ доллары сомасында таныстарына қарызын өтегендігі анықталды. Қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының, Маңғыстау а. орналасқан «Халық Банк» айырбастау кассасында айырбастамақ болып, сол уақытта ұсталды», — делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық сотының үкімімен ауыл тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты болып танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия