jasqazaq.kz

Жалған дипломмен сабақ өткізген

05 қыркүйек 2019, 18:46

Біржан сал ауданының прокуратурасы мұғалімдердің жалған дипломмен сабақ өткізгенін анықтады. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның дерегі бойынша, Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы білім алуда құқығын қорғау мақсатында білім заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізген. «Тексеріс барысында жалған дипломды қолданудың 15 оқиғасы анықталды. Арнаулы орта білімі бар педагогикалық қызметкерлер айлығына қосымша төлем алу үшін жалпы білім беретін мектептерге жоғары білімі туралы жалған дипломдарды ұсынған», — дейді ведомстводан. Жалған дипломы анықталған мұғалімдер бастауыш сыныптарға, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек пәндерінен сабақ өткізген. «Жалған диплом үшін 15 мұғалімнің үстінен ҚР ҚК 385 бабының 3 бөлігі (жалған құжат, штамп, мөр, бланк, пошта төлемдерінің мемлекеттік белгілері, мемлекеттік награда жасау және саудалау) қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындап, өкінген әр педагогке сот үкімімен 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданды», деп толықтырды Ақмола облыстық прокуратурасындағылар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық