jasqazaq.kz

Жалған дипломатиялық нөмірмен жүрген елордалық ұсталды (видео)

23 қазан 2020, 11:46

Полиция қызметкерлері Мәңгілік ел мен Орынбор көшелерінің қиылысында жалған дипломатиялық нөмір тағып алған «Mercedes-Benz» автокөлігін ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жалған нөмір тағып алған жүргізуші аталмыш көлікпен жалпы сомасы 250 мың теңгелік АЕК салуға негіз болар 12 мәрте жол ережесін бұзған. Автокөлік коммуналдық айыппұл тұрағына жеткізілді.

Жалған нөмірмен көлік жүргізген 42 жастағы жүргізуші Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Алдағы сотта ол адамға 20 АЕК айыппұл немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұрын аталмыш көлікке тағылған дипломатиялық нөмір Польшаның Елшілігінің көлігіне тіркелген. Кейін есептен шығарылған. Оның қалайша «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісінде жүргенін қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеруде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия