jasqazaq.kz

Жалған ақша жасайтын цех әшкере болды

13 қыркүйек 2019, 15:11


Талғар тұрғыны жалған ақша жасау цехын ашып алған. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 8 қыркүйек күні департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Талғар қаласынада 10 000 және 5 000 теңгелік жалған ақша жасайтын жасырын цех ашқан 1989 жылғы ер адамды ұстады.

«Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 231 бабы («Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар, Алматы облысының сауда үйлерінде жалған ақшаны жарату фактісі тіркелген», — делінген хабарламада.

Оқиға орнынан түрлі түсті көшірме аппараты, қағаз кесетін станок, сыр, бояу, сия және ақша үлгісі тәркіленді.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда