
Орал қалалық сотында жалған ақша сатумен бірге алаяқтықпен айналысқан Константин Коваленкоға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім еткендей, аталған азамат ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) және 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес айыпты деп танылған. 5 жылға сотталған Коваленко жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
«К.Коваленко жалған жеті 100 АҚШ долларын сатқан. Сондай-ақ Л. деген әйелдің алтын алқасын алдау жолымен сатып алып, оған 220 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген», деп хабарлады ведомстводан. Үкім заңды күшіне енді.