jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

25 сәуiр 2020, 13:20

#үйдеотыр

56 жастағы ақтөбелік карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер 56 жастағы әйелді ұстады. Ол қаладағы қоғамдық тасымалдау компаниясында жұмыс істейді. WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратқан.

«Аудио жазбада әйел Ресейден Ақтөбеге 500 адамды автобуспен әкелгені, тағы бір топ студент келетінін айтқан. Індет жұқтырғандар саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толды деген ақпарат таратқан. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жалған ақпарат таратпай, тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрайды.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)