jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде

24 қантар 2020, 19:32

Елорда аумағында қасқырлар кіргені туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің басшысы Владимир Колягин мәлім етті.

«Әлеуметтік желілерде елорда аумағында қасқырлардың жүргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция қызметкерлері жалған хабарламаларды таратқан авторларды іздестіруде», — деді В. Колягин. Осы орайда ол жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылғанын, екіден бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік бар екенін айтты. «Қала тұрғындарын таралған жалған ақпаратқа орай дүрбелең тудырмауға, сондай-ақ осы тектес роликтерге және негізсіз қауесеттерге сенбеуге шақырамыз», — деді Владимир Колягин.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде