jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан тұрғын сотталды

06 сәуiр 2021, 16:56

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ГЭС-ке қойылған жарылғыш зат туралы әзілдегені үшін сотталды болды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Рождество мерекесі қарсаңында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына хабарласып, танысының Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатқанын айтқан болатын. Дереу полиция қызметкерлері мен тиісті органдар аталған объектіге жетіп, аумақты түгел тексерді. Алайда хабарлама жалған болып шыққан. Мамандар ГЭС-тен ешқандай жарылғыш затты таппады. «Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, ішімдік ішіп алған екі ер адам арасында жанжал туындаған. Сол кезде олардың бірінде қылмыстық ниет пайда болған. Мас азамат өз әрекетінің жауапкершілігін түсінбей, құқық қорғау органдарына жалған ақпарат жеткізген», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. Глубокое аудандық сотының шешімімен 55 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Үкім толықтай заңды күшіне енген.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия