jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан мектеп мұғалімі ұсталды

28 наурыз 2020, 14:56

#үйдеотыр

Алматы облысында Ұзынағаш ауылының екі тұрғынын коронавирус ауруына шалдыққан деп қаусет шығарған әйел ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы Р. есімді азаматы WhatsApp желісі арқылы жергілікті тұрғындар арасында Қайназар ауылы мен Ұзынағаш ауылында екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан. Бұл ақпарат мессенджердің өзге топтары арасында да тез тарады. Жалған ақпаратты мыңнан астам жергілікті тұрғын таратып үлгергені анықталды. Жалған ақпаратты таратушы бірден анықталып, ұсталды. Оның Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны екендігі және жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтіні анықталды. Жауап алу барысында мұғалім әйел өзінің коронавирус туралы ойланбай жалған ақпарат таратқанын толығымен мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі