jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді (видео)

31 қантар 2020, 11:39

«Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндіру мақсатында видео жариялады.

Думан Айтжанов видеосында қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр. «Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What’s app-тағы «Братва» тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді», — деді дәрігер видеоүндеуінде. Полицейлер ер адамның тергеу кезінде уақытша қолхатпен босатылғанын айтты. Еске салайық, мұның алдында дәрігердің ұсталғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.

 

Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия