jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

02 шiлде 2020, 13:34

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында полицейлер әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктірген әйелді анықтады. Ол WhatsApp желісі арқылы «Сарыағашта вирус шашады» деп жалған ақпарат таратқан.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше әлеуметтік желіде «Түнгі 2-3 арасында Сарыағашта балаларды ауыртатын вирус себіледі екен, балаларды көшеге шығармасын деп жатыр» деген хабарлама тараған. Бұл жалған ақпаратты таратқан әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның кім екені анықталды. Ол Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында анықталғандай, әйел бұл хабарламаны тек туыстары көшеге шықпай, үйде отыруы үшін жазған. Оны тек келініне WhatsApp желісі арқылы жолдағанын жеткізген.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабымен тіркелді. Осы орайда полицейлер Түркістан облысының тұрғындарын осындай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеді» делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі