jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан әйел үш тәулікке қамалды

27 наурыз 2020, 17:12

#үйдеотыр

Ақтөбелік тұрғын карантинде болғаны туралы әлеуметтік желі арқылы жалған мәлімет таратып, 3 тәулікке қамалды. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «карантинге қарамастан коворкингке барып, кофе ішіп, қала ішінде серуендедім» деп жазба жариялаған Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды. Тексеру кезінде карантинде жатқан азаматтар тізімінде ол адамның жоқ екені анықталды. «ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы, яғни, «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 27 наурызда мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен ол 3 тәулікке қамалды. Күн сайын полиция қызметкерлері еріктілермен бірге көшелерде төтенше жағдай режимін сақтауды тексереді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін бұзбақ болған 33 деректің алдын алды. Жалған және расталмаған ақпаратты тарататын және құқық тәртібін бұзуға итермелейтін азаматтар ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша жауапқа тартылады. Осы бап бойынша бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 106 мың теңгеге айыппұл төледі», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді