jasqazaq.kz

Жалға берілетін көліктерді сатумен айналысқан алаяқ ұсталды

04 ақпан 2021, 14:41

Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген ер адам ұсталды.

Портал мәліметінше, Түркістан облысының 1988 жылғы тұрғыны бұрын алаяқтық жасағаны үшін төрт рет сотты болған. Бұл жолы ол автокөлікті жалға беретін бірнеше компанияны алдап кеткен.

«Соңғы эпизод бес күн бұрын болған. 29 қаңтарда алаяқ жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің ғимаратында алдау және сенімге қиянат жасау арқылы арам ниетпен Toyota Camry 70 көлігін иемденіп, кейінірек сатып жіберген. Осылайша ол зардап шеккен тарапқа 14 миллион теңге көлемінде зиян келтірген. Көлік құралы алаяқтың қолына түскен бойда, GPS жүйесін өшіріп тастап, кейін сатып алушы іздеуге кіріскен. Ол көлікке нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен сома сұраған. Алданған кәсіпкер полицияға шағым түсірді», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Полиция оның қылмыстық ісінің сериялық сипатта болу ықтималдығын жоққа шығармай, зардап шеккен азаматтардан 254-47-00; 54-47-01; 254-47-02 және 8-701-666-41-64 телефондары бойынша полицияға хабарласуын сұрады.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде