jasqazaq.kz

Жалға алған көліктерді сатып пайда тапқан

08 мамыр 2019, 15:05

Елордалық полиция қызметкерлері бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері автомашина сату кезінде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады. Тергеп-тексеру барысында ер адам қымбат автомашиналарды жалға алғаны, әрі қарай азаматтардың сеніміне кіре отырып, нарықтағы бағадан төмен бағаға сатқаны анықталды. Осылайша, ол «Lexus», «Toyota Camry» маркалы автокөліктерді сатып үлгерген және Қостанай қаласында да «Nissan Qashqai» автокөлігін сатқан. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оның Республика аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне, сондай-ақ 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуына болады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде