jasqazaq.kz

Жалдамалы пәтерді есірткі жасайтын зертханаға айналдырған (видео)

01 сәуiр 2021, 11:38

Алматыда полиция қызметкерлері есірткі зертханасын анықтады.

Полиция департаментінің мәліметінше, заңсыз кәсіпті 27 жастағы алматылық ұйымдастырған. Ол көрші үйден пәтер жалдап, синтетикалық есірткіні сол жерде дайындаған. «Арнайы іс-шараны есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Ш. есімді азаматтың өзінің тұрғылықты жеріне жақын орналасқан жалдамалы пәтерін тінту кезінде «мефедрон» синтетикалық есірткісін өндіруге арналған компоненттер мен жабдықтар тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың психоактивті заттарға жататынын растады», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов. Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, полиция департаметінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

https://youtu.be/H728kKFOY90

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия