
Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз, жалдамалы пәтерді 5 жыл мерзімге алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайды.
«Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни, ол баспана бойынша басқа кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат «7-20-25» секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады», — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте.
Дереккөзі: ҚазАқпарат