jasqazaq.kz

Жалақының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады

20 мамыр 2022, 9:27

Жалақының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады. Бүгін сенаторлар халықтың жанына тиген мәселені кезекті рет көтерді. «Агроөнеркәсібі дамыған 10 елдің қатарына кірсек те, әлі күнге дейін импортқа тәуелділік мәселесі шешілмей келеді», — дейді депутаттар. Бұл туралы КТК телеарнасы.

Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі бірізді жүйеге түспеген деп сынады атқамінерлер. Елде әлі күнге дейін бағаны бақылаудың толық әдістемесі ойластырылмаған.Сондықтан біздің елде азық-түлік қауіпсіздігі доктринасы қабылдануы тиіс дегенді ұсынды сенатор Ақылбек Күрішбаев. Сондай-ақ ол өз сөзінде мемлекеттен қыруар субсидия алатын шаруаларды да сынады. «Ел қазынасынан көмек көріп отырғандар ішкі нарыққа бас ауыртпайды. Біз бюджет ақшасын текке таратып жатқандаймыз», «алаған қолым береген» деген қағиданы шаруалар ұмытпауы керек», — дейді депутат. Бұл мәселені шешу үшін сенаторлар субсидия алушыларға арнайы міндеттеме енгізуді ұсынды.

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:

— Өсірілген өнімді ішкі азық-түлік нарығына форвард келісімшарт бойынша және белгіленген бағаларға сәйкес жеткізуді субсидия алудың міндетті шарты ретінде енгізу қажет. Бұл ретте форвард келісімшарттарға аванс беру есебінен ауылдағы тауар өндірушілердің айналым қаражатын толықтыру, яғни несилендіру мәселесі де бір мезгілде шешіледі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр