jasqazaq.kz

Жалақы төлеуді талап еткен футболшыларды жаттықтырушылары ұрып-соққан

22 қыркүйек 2021, 11:24

Өзбекстандық «Сурхан» футбол клубының бұрынғы ойыншылары жалақы төлеуді талап еткені үшін таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz. Басшылық футболшылар Жавохир Есонқұлов пен Акром Ходжаевқа қарызды жарты жыл ішінде өтеуге уәде беріп, оларды кеңсеге шақырған. Бірақ ол жерде футболшыларды команданың жаттықтырушылары күтіп тұрған. Олар ойыншыларды таяқпен және орындықтармен ұрып-соғып, арқанмен қылқындырған. Айғақтардан құтылу үшін футболшыларға таза киім кигізіп, босатып жіберген. «Сурханның» басшылығы бұл нұсқаны жоққа шығарады, ойыншылар қақтығысты бірінші болып бастады және бұл тек қорғаныс шарасы болды деп мәлімдеді. Айта кетейік, «Сурхан» жоғарғы лигада ойнайды және аутсайдер команда, ол соңғы – 13-орында және 18 матчта 14 ұпай жинаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия