jasqazaq.kz

Жалаңаш суретімен танымал болған оралдық полицей қызметінен қуылды

07 қыркүйек 2017, 14:59

Жалаңаш күйіндегі суреттерімен желіде танымал болған оралдық полицей қызметінен қуылды деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалаңаш суретімен танымал болған оралдық полицей қызметінен қуылды

Бұл фотолар желіде пайда болған уақытта полицей учаскелік инспектор болып қызмет етіп жүрген.

«Ол қызметінен кетті. Қазір резервте тұр», — деп мәлімдеді БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осы жылдың тамызында әлеуметтік желіде полицейдің жалаңаш күйіндегі фотосы пайда болды. Онда берілген сипаттамада сол суреттерді жезөкше полицейден өшін алу үшін түсіргені айтылған.

Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс басталды. Ал содан кейін суреттегі бойжеткен жеңіл жүрісті емес, полицейдің танысы деген пікір таралды. Суреттерді әйел өзінің қажетіне жарату үшін түсірген.

Ал майор Ермек Каюпов БҚО ІІД-нің жеке қауіпсіздік басқармасына арыз жазды. Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексінің 147 бабы, 1 бөлігімен қарастырылатын (жеке өмірге қол сұғылмаушылық және ҚР жеке тұлғаға қатысты мәліметтер мен оны қорғау туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеу басталды.

Бұл істе кімнің күдікті ретінде қарастырылып жатқаны туралы мәлімет жоқ.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде