jasqazaq.kz

Жақып Асанов: Құрғақ есептер керек емес

01 ақпан 2019, 11:12

Сот жүйесінің 2018 жылғы жұмысының қорытындысына арналған ел судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов әріптестеріне түсінікті тілде баяндама жасауды ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Осы отырыстың алдында 10 күн бұрын баяндама жасаушыларға тиісті ұсыныстарды жасадық. Яғни, сөз сөйлейтіндерге жаңа форматты енгіздік. Отырыс онлайн режімде үлкен аудиторияға таралады. Сондықтан құрғақ есептер мен көрсеткіштер керек емес. Баяндамалар көпшілікке түсінікті болуы тиіс. Әсіресе, бүгінгі отырысты онлайн көріп отырған адамдарға ұғынықты болуы керек», — деді Жақып Асанов. Осы орайда ол саладағы өзекті мәселелер бойынша қылмыстық, кассациялық, азаматтық және мамандандырылған алқа төрағалары баяндама жасайтынын атап өтті. «Олардың алдына үш нақты мәселе қойып отырмыз. Біріншіден, кассациялық алқа төрағалары ретінде төменгі соттар шешімдерінде қандай оңтайлы әрі теріс жағдайларды көріп отырсыздар? Өткен жылдағы сот төрелігіне қатысты қандай баға бересіздер? Екіншіден, төмен тұрған соттарда өздеріңіздің бағыттарыңыз бойынша сот төрелігі сапасын көтеру үшін нендей үлес қоса алдыңыздар? Үшіншіден, соттарға сенім деңгейін көтеру үшін 2019 жылы қандай шараларды іске асыруды ұсынар едіңіздер?», — деді Ж. Асанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде