jasqazaq.kz

Жайылымдағы малды атып алатын барымташылар ұсталды

18 наурыз 2021, 21:46

Қан қақсатқан ұрылар ақыры құрықталды. Атырау мен Батыс Қазақстан облысының шекаралас аймағанда жылқыларды атып, құлындарын ақтарып кеткен қарақшылар қолға түсті. Обал-сауапты білмейтін ұрыларды арнайы жасақ аңдып жүріп ұстаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бақташылардың өрістегі төрт түлігіне тыным бермегендер Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. Ұсталған үш күдікті буаз биелерді де атып отырған. Тінткен кезде олардың үйінен сойылған мал терісі мен оқ-дәрі тәркіленді. Алайда жылқы етін қайда барып өткізгені әзірге белгісіз. Қазір түн жамылған сұғанақтардың өзге де сыбайластары тексеріліп жатыр.

Ерлан Арыстанов, БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

— Түнде шекаралас аудан жаққа шығып, жайылып жүрген малды атып алады. Сосын ішін ақтарып, ақтарып, басын сол жерге тастап кетіп отырған. Сл жерде сойып, бері қарай әкеледі. Осындай қылмыспен айналысқан топ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия