jasqazaq.kz

Жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды

28 ақпан 2020, 15:38

Биылдың 2 айында шамамен 1,8 млн гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

«2019 жылдың екінші жартыжылдығында жайылымға түсетін жүктеме нормативтері мен аудандар, ауылдық округтер, нақты шаруашылықтар бөлінісінде ауыл шаруашылығы жануарларының санын салыстыру арқылы жайылымдардың пайдаланылуына талдау жүргізілді. Талдау көрсеткендей, жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға 72,4 млн гектар жайылым бекітіліп берілген, ал олардың жартысына жуығында жеткілікті мал басы жайылмайды. Қазіргі уақытта министрлік облыс әкімдерімен бірлесіп жайылымдарды пайдалану тиімділігін арттыру жұмысын жүргізуде. Қазірдің өзінде нәтижелер бар» — деді министр Сенатта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда. Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы мемлекет меншігіне 1,1 млн гектар пайдаланылмайтын жайылым қайтарылса, биылдың 2 айында шамамен 1,8 млн гектар жайылым қайтарылды. «Көрсетілген жерлер бойынша оларды жаңа жер пайдаланушыларға қайта бөліп беру және ауыл шаруашылығы айналымына тарту жұмысы жүргізілуде», — деді Сапархан Омаров.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия