jasqazaq.kz

Жайық өзенінен 5 тонна өлі балық жиналды

22 желтоқсан 2018, 15:09

Орал өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазіргі таңда өңірде ведомствоаралық комиссия балықтың қырылу себептерін анықтауға кірісіп кетті. Онымен қоса, қырылған балықты жинау жұмысы жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 5 тонна өлі балық жиналды», — деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау комитетінің баспасөз қызметі. Комитет мәліметінше, өзен суынан аммиак табылды деген ақпарат жалған. Негізі аммиак судан емес, балықтан табылған. Еске сала кетейік, Орал өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін өзенге су ағызатын 4 кәсіпорын тексеріліп жатыр. Атырау облыстық экология департаменті бас мемлекеттік инспекторы Қайратқали Хайрулланың айтуынша, мамандар «Атырау Су Арнасы» МКК, «Атырау ТЭЦ» АҚ, «Бекіре балығын өсіретін Орал-Атырау зауыты» мен «Атырау бекіре балығы зауытын» тексеруде. Бұдан бұрын Атырауда Орал өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны айтылған болатын. «Орал өзеніндегі өлген балықтың сынамасын зертханада талдаудан өткізгенде, одан аммиак табылды. Қазіргі таңда бұл заттың өзенге қалай түскені анықталып жатыр», — деп хабарлады ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымбек Бисенғалиев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық