jasqazaq.kz

Жайық өзенінен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

07 қантар 2020, 14:31

Жайық өзенінен мұзды ойыққа түсіп кеткен баланың денесі табылды , — деп хабарлайды «Хабар 24». Мұз үстімен жүрмек болған төрт жеткіншек жарылған ойыққа батып кеткен еді. Жедел жеткен полицейлер мен құтқарушылар 12 және 15 жас аралығындағы үш жасөспірімді ажалдан алып қалды. Соңғысын іздеу шаралары бір күнге созылды. Өкінішке орай кәмелетке толмаған ауыл тұрғынының мәйіті кешкі уақытта мұз астынан табылды. Ал құтқарылған балалардың біреуі үйіне жіберіліп, екеуі дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша, науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. «Сағат 17:35-те Жайықтың жағалауында сол батқан жерінен табылды. Құтқарушылардан тоғыз адам жұмылдырылды. Бір арнайы дайындықтан өткен ит пен кинолог мамандармен іздестіру жұмыстары кеше 5 қаңтар күні жүргізіліп, кешкі сағат 18.00-де тоқтатылды», — дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Қайрат Темірболат.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия