jasqazaq.kz

Жайық өзенінен 108 тонна өлі балық шығарылды

29 қантар 2019, 14:22

Жайын өзенінде қырылған балықтардың жалпы салмағы 108,1 тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Әлеуметтік желіде «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның балық шаруашылығындағы балықтардың қырылуына қатысты көптеген сурет пен видео материал тарауда. Осыған орай шаруашылықты өлі балықтардан тазалау жұмыстарының аяқталғанын түсіндіргіміз келеді. Бүгінгі күні Жайық өзенінде балықтар өліп жатқан жоқ. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық испекциясы Жайық өзенінің барлық учаскелеріне тұрақты мониторинг жүргізуде», — деп жазды ол. Оның дерегінше, 28 қаңтарға дейін 108,1 тонна өлі балық жинап алынған. «Жайық өзенін ластаушыны анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық аясында балықтан және судан сынама алынды. Балықтардың қырылу себебі тергеу амалдары аяқталғаннан кейін нақтыланады», — деді Сәкен Ділдахмет.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық