
Қарағанды облысы Жәйрем ауылында шетелдіктермен болған қақтығыстан соң 7 адам ұсталдыБұл туралы Жергілікті полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады .
«Бұзақылық әрекет жасап, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен Жәйрем кентінің 22-ден 33 жасқа дейінгі 7 тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полициядағылар. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.