jasqazaq.kz

Жайнамазды тепкен жаттықтырушы жұмысынан қуылды (видео)

14 тамыз 2018, 10:58

Таразда оқушыларға намаз оқуға тыйым салып, жайнамазды аяғымен тепкен ер адамның видеосы желіде тарап кетті. Сонымен қатар ол намаз оқып, сәждеде жатқан жеткіншектерге жекіп, балағаттап, бөлмеден желкесінен сүйреп алып шыққан. 
Stan.kz  жазғандай, «Жиналыңдар, ей, мен кімге сөйлеп тұрмын?! Кімге сөйлеп тұрмын, жүр, таста!» – дейді ер адам видеода.   Аталған видео желіде тарап кеткеннен кейін бірден жұрттың қызу тақлысына түсті. Сондай-ақ, атқамінерлердің де дүрлігуіне себеп болды. Ал спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков болған жайтты түсіндірді.

Оның сөзінше, оқиға Тараз қаласындағы спорт кешендерінің бірінде орын алған. Бұл кезде дарынды балалар мектеп интернатына футболшыларды іріктеу жиын болған көрінеді.

Бөлмелерінде намаз оқып, құлшылықтарын атқарған оқушыларға жаттықтырушы Алмат Баетов дөрекі мінез көрсеткен.   Өз кезегінде жаттықтырушы болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.    Ал қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта жай-жапсарын анықтап жатырмыз. Алайда педагогикалық әдепті бұзған жаттықтырушы міндетті түрде жұмысынан босатылады. Мұнан әрі де жұмыс істеп, мұндай оқиғаның не себепті орын алғанын анықтаймыз», – дейді Жамбыл облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді