
Желіде «Атлетик» спорт кешенінде намаз оқып тұрған шәкірттерін бөлмеден қуып шыққан бапкердің видосы тараған болатын. Жайнамазды тепкен спорт жаттықтырушысын желі қолданышулылары аяусыз сынады. Өз ісіне өкінген ол енді көпшіліктен кешірім сұрады деп жазады sn.kz.
Facebook әлеуметтік желісінде бапкердің шәкірттерін ұрысып-балағаттап, олардың намаз оқуларына кедергі келтірген видеоролик тарап кеткен болатын. Артынша бұл оқиғаның Жамбыл облысында болғаны анықталды.
Кейін облыстық спорт басқармасының басшысы ұстаздың қызметтен қуылғанын мәлімдеді.