jasqazaq.kz

Жадо күйеуі жайлы: «Өзім барып, ауылдың мықты қызын алып бердім»

12 қыркүйек 2019, 13:12

Танымал отандық дизайнер Жадыра Сахиева жолдасына өзі тоқал алып бергенін айтты. Ел арасында Жадо лақап атымен танылған сән саласының өкілі күйеуіне екінші жарды арнайы іздеп тауып, одан туған егіз қызға өзі кіндік шеше болғанын жеткізді. Бұл туралы «Еуразия бірінші» арнасының «Бір сұрақ» бағдарламасында айтты.

Жадоның айтуынша, жұбаймен шетелге қоныс аударғысы келмегендіктен оған тоқал алып беруді жөн көрген.

Сондай-ақ, дизайнер жолдасының екінші әйелі міндетті түрде қазақ ұлтынан болғанын қалаған.

«Менің азаматым Ресейде жұмыс істейді. Шамамен, 15 жыл болып қалды. Мен өзім шет мемлекетке бара алмадым. «Неге ол өзге ұлт қызына үйленеді? Неге басқа жатырға қарап кетуі керек?» деген ой болды. Орыс болса, балалары орыс болып кетеді ғой.
Сол себепті, өзім барып, ауылдың мықты қызын алып бердім. Менен 15 жас кіші. Қазір құдайға шүкір егіз қыздары бар. Олардың кіндік шешесімін. Өзім апарып үйлендірдім. Сол қазір менің жолдасымның қасында жүр. Шүкір Аллаға» , — дейді Жадыра Сахиева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде