jasqazaq.kz

Жабайы шошқа асыраған 70 жастағы алматылық жауапқа тартылды

01 қараша 2021, 13:56

Алматы қаласының іргесіндегі үйлердің бірінде жабайы шошқа асыраған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған фактіні Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мақсатты іс-шара жүргізу барысында анықтады. Жабайы шошқа «Ақсай медик» бағбандық қоғамының үйлерінің бірінен табылды.

«Естеріңізге сала кетейін, Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара шеңберінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп жедел-іздестіру топтары құрылды.

Бұл жағдайда 70 жастағы азамат М. ҚР ӘҚбК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Аталған өндіріс материалдары сот құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде