jasqazaq.kz

Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)

12 маусым 2017, 11:03

Қайрат Нұртас су жаңа “Мені бағала” атты бейнебаянының тұсауын кесті.

Клип желісі бойынша Қайрат өзінің сүйікті жарына опасыздық жасайды. Өзге қыз-келіншектермен көңіл көтеріп, үйде тағатсыздана күтіп отырған сүйіктісінің қоңырауына жауап бермейді. Ал Қайрат қатесін түсінген кезде, сүйген жары одан кетіп қалады.

Бір айта кетерлігі, бейнебаянда Қайраттың 2013 жылы түсірілген кадрлары пайдаланылған.

Айтар астары мол бейнебаян тыңдарман көңіліннен шыққан ұқсайды.

“Режиссура, идея, түсірілім, цветокоррекция – барлығы жоғары деңгейде”, “Жарайсыз, Қайраттай қазағымның жігіттері көп болсын”, “Қайраттың ең сәтті клипі”, “Өте керемет”, “Әдеттегідей өте жоғары деңгейде”, – деп бағалады тыңдармандар.

Айтпақшы, бейнебаянды Қайратқа “Zhuldyz Media” тарту ретінде түсіріп берген.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу