jasqazaq.kz

Ж.Тоқаев: Барлық кінәлілер қатаң жазалануы керек

15 шiлде 2019, 12:17


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды.

«Оқиғаның салдары өте ауыр. Бұл туралы айтып та керек емес. Қазір біз осы салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі жарамсыз қалды. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Президент Әкімшілігі комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесіне барлық кінәлілерді қатаң жазалау жөнінде ұсыныстар енгізгені жөн. Оның ішінде аса қауіпті объектілерге тікелей жақын жерде құрылыс салуға жауапсыз рұқсат берген азаматтық мемлекеттік қызметшілер де бар. Бұл жұмысты шұғыл жүргізу керек, 10 тамызға дейін тиісті ұсыныстар беріңіз. Барлық кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс және жазалануы керек», — деп тапсырды Тоқаев. Ол Қорғаныс Министрлігі басқа да ұқсас объектілер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуі тиіс екенін атап өтті. «Талдау қорытындысы бойынша ақпаратты 20 тамызға дейін енгізсін. Бұл оқиға жұмылдыру дайындығын ұйымдастырудағы кемшіліктерді, төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды жоспарлаудағы және ұйымдастырудағы кемшіліктерді көрсетті. Осы оқиғадан сабақ алу керек. Мұндай жағдайлар қайталанбауы тиіс. Үкіметке төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға жауапты қызметтердің функционалдық дайындығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі мәселені қарауы керек. Тиісті ұсыныстар бір ай мерзімде енгізілуі тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент жарылыс салдарын жою жөніндегі барлық жұмыс оның жеке бақылауында болатынын атап өтті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық