jasqazaq.kz

Ж.Бекшин: майонез қосылған салатты 6 сағат қана сақтау керек

24 желтоқсан 2018, 16:32

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мереке күндері уланудың алдын алу бойынша бірқатар кеңес берді.

ҚазАқпарат жазғандай, ол жаңажылдық дастарханның бай әрі денсаулыққа пайдалы болуы қажеттігін еске салды. «Әсіресе үлкендер майлы және тым тәтті тағамдардан бойын аулақ ұстағаны жөн. Салат пен сусынды және жеміс-жидекті көбірек қою керек. Тауық пен балық еттерін ағза оңай қорытады, әрине, термоөңдеуден өткен қауіпсіз болсын. Қазақша піскен етті де аздап қоюға болады. Ең бастысы,барлық тағамды үстел үстіне шығармай, тоңазытқыштан аз порциямен алып тұтынған дұрыс», — деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге ол тағамды жеткілікті етіп кешке ғана әзірлеуге, мерекеден қалған тағамды ұзақ сақтамауға кеңес берді. «Мерекеден кейін аста-төк тағамды лақтыруға қимайтындар бар. Бірақ, уланып ауырғанда керісінше, өкінеді. Салаттар тоңазытқышта 24 сағат қана сақталады, майонез қосылған салаттардың жарамдылығы — 6 сағат қана. Сондықтан, жеуге қажетті тағамдарды дер кезінде әзірлеп, қалғанын азық-түлік пленкасымен сақтау керек», — деді Ж. Бекшин. Бас дәрігердің айтуынша, дүкеннен азық-түлік алғанда жарамдылық мерзімі анық көрінетін тауарларды алу керек. Үйде тағам әзірлегенде бір реттік қолғап киіп, ет пен көкөністерді бөлек пышақпен тураған жөн.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер