jasqazaq.kz

Зерттеу: Қазақстандықтардың орташа айлығы 200 мың теңгеден асты

10 ақпан 2020, 12:16

Finprom Қазақстан азаматтарының айлық табысына қатысты жасалған талдау қорытындысын ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Finprom жүргізген талдауға сенсек, қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өткен жылдың соңғы тоқсанында алғаш рет 200 мың теңгеден асып, сатып алу қабілеті шамамен 10 пайызға көтерілген. Десе де ауыл шаруашылығы, білім мен денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүргендердің айлығы әлі де төменгі қалыпта сақталып отыр. «2019 жылдың соңғы тоқсанында қазақстандықтардың айлығы 203,9 мың теңгені құрап, оның алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 15,8 пайыздық өсімді көрсетті. Инфляцияны ескере отырып, айлық төлемнің сатып алу қабілетінің шынайы өсімі 9,9 пайызды құрады. Айлықтың ең жоғары мөлшерін мұнайлы екі облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының тұрғындары алады. Қалған өңірлердегі көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен», — делінген хабарламада. Finprom мәліметіне сай, орташа айлық Атырау облысында 345,2 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,5 пайызға (1,6 пайыздық инфляцияны ескере отырып) өскен. Екінші орында 309,1 мың теңге жалақымен Маңғыстау облысы (өсім 10,9 пайыз) тұр. «Нұр-Сұлтанда айлық 308,1 мың теңгемен бірден 15,1 пайыздық өсімге жетті. Елордада сатып алу қабілеті 8,9 пайызға көтерілді. Ал Алматыда айлық деңгейі 248,7 мың теңгемен 12,4 пайызға көтерілді (6,9 пайыздық инфляцияны есепке алғанда)», — делінген сайтта. Сонымен қатар, еңбекақының орташа деңгейінің көтерілуі БҚО (18,5%), Шымкент (17,3%) және Алматы облысында (16,4%) байқалған. Ал бәрінен аз айлықты аграрлық өңірлер қатарындағы Түркістан (138,1 мың теңге) және Жамбыл облысының (140 мың теңге) тұрғындары алады. Елдегі ең үлкен айлық алып отырған мамандық иелері – қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері (402,5 мың теңге). Сондай-ақ ең көп табыс табатын саланың үштігіне ғылыми-техникалық сала (373,4 мың теңге), өндіріс секторы (280 мың теңге) кіреді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия